Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ

Қазақстан шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ
baigenews.kz
Апатты өрттен бес кенші жоғалып, олардың үшеуінің денесі жер бетіне шығарылды

Қазақстан шахтасындағы өрт әлі сөнген жоқ. Әзірге 3 кеншінің денесі табылды. Қалған екеуі әздестірілуде. Арселор Митал Теміртау компаниясына қарасты шахтада кеше конвеерлік лентада өрт тұтанған. Сол кезде жер астында болған 222 адам жер бетіне шығарылса, бесеуі қою түтіннен шыға алмай қалған. Өрт ошағы 700 метр тереңдікте болғандықтан түтінге толы жер асты жолдарынан оларды табу қиынға соғып жатыр. Ал қашып шыққанмен түрлі жарақат алып үлгерген 13 кенші дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары қалыпты, деп жазды KYN.KZ тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Жер астында қалған екі кеншінің туыстары кешелі бері шахтаны жағалап жүр. Олар туғандарының аман шығатынына сенгісі ақ келеді. Бірақ үміттен күдік басым. Кенші Григорий Блатов қаза тапқан әріптестерінің жерлеу рәсімін ұйымдастырып жүр. Қайғыдан қан жұтып жүрген ол өзінің еңбектегі ұстазы Виктор Бургунды жер қойнына тапсырады.

"Ол маған жақында зейнетке шығам, менің орнымды басасың деуші еді. Өзінің білгенін үйретуден жалықпайтын. Өрт болғанда олар сыртқа шығатын жерді таппай қалды деп ойлаймын. Қара түнек болды ғой",-дейді кенші Григорий Блатов.

Қазақстан шахтасында 1500 нан аса адам еңбек етеді. Апат күнгі кезекте жер астында 227 адам болған. Көмір тасымалдайтын конвеерлік лентада от тұтана салысымен эвакуациалау басталған. Бірақ 5 адам шықпай қалды. Олардың екеуі кеше табылса, бүгін түске жақын 3 ші кеншінің денесі жер бетіне шығарылды.
 

"Олардың денелері өздері жұмыс істеп жатқан жерден табылды. Біраз уақыт олар өз беттерімен жүруге тырысқан. Кейін тоқтап сол жерде отырып көмектің келуін күткенге ұқсайды. Неге өздері шықпады, әлде оларға дер кезінде көмек келмеді дегенге жауап: құтқарушылар олар отырған жерге өрт салдарынан жете алған жоқ. Қою қара түтін мен қатты ыстық оған мүмкіндік бермеді",-дейді  Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин.

Айта кетерлігі, өртенген 1 жарым шықырымдық конвеерлік лента жақында ғана жаңартылыпты. Компния өкілдері барлық шахтада жаңарту үшін осындай 30 шақырым болатын лента алып қойғандарын айтады.
 

"Жабдықтау дирекциясы тек сертификатталған фирмалармен жұмыс істейді. Ленталар Ресей мен Украинада шығарылған. Отқа төзімді Бірақ бір тұтанса бой бермей кетеді. Жер астында қалған 5 кеншінің екеуі позициялау жүйесін тексеріп жүрген слесарь еді. Олар отқа тұтанған жерге жақын маңда жұмыс істеп жүрген",-деді  «Арселор Миттал Теміртау» АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.

Ал өндірістік қауіпсіздік департаменті былтыр осы шахтада 168 заңбұзушылық анықтапты. Эконмикалық сотқа арызданып, бірнеше ірі құрылғылардың жұмысына тиым салған. Айыппұл салынып, олқылықтарды жою тапсырылған. Алайда компания бұлардың жартысын да орындамапты. Арнайы құрылған комиссия бүге шүгесін анықтайды делінді. Әр апаттан кейін қайталанатын жаттанды сөздерге кеншілердің сенімі аз. Өткені былтыр Ленин шахтасында 5 адамның өмірін жалмаған апат бойныша қозғалған іс сотқа әлі жетпепті. Арселор Митал компнаиясы болса, қаза тапқандардың отбасына ақшамен қоса, әрқайсысына баспана алып береміз деп отыр.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар