Естімеген елде көп. Угандалық Мәриям Бабирье әлемдегі ең көп балалы жалғызбасты ана. 41 жастағы әйелдің 44 баласы бар, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Мариям кішкентай кезінен көп қиындық көріп өскен. 3 жасында анасы тастап кетеді. Әкесі басқа әйелге үйленіп өгей шешесі 12 жасар қызды 40 жастағы еркекке сатып жібереді.
Мәриям 13 жасында егіз босанады, 15-де үшем, 16-да бірден төртемді дүниеге әкеледі.
23 жаста 4 төртем, бірнеше үшем мен егіз туған әйел туғанды тоқтату үшін арнайы дәрілерді қабылдаған оның ешқандай көмегі болмаған көрінеді. Жатырына спираль салғызғаннан денсаулығы мүлдем нашарлаған.
Денсаулығына алаңдаған Мәриям бәрінен бас тартады.
Сараптама нәтижесінде оның жатыры гипер ұрықты, яғни аналық жұмыртқасы шектен тыс көп екені белгілі болды.
Мәриямға алтын құрсақ әкесінен дарыған екен. Бірнеше әйел алған әкесінің ортақ 45 баласы бар.
Ал, Мәриямның жұбайына келсек ол отбасына жылына бір-ақ рет келетін көрінеді. Балаларға қарайласпай, үнемі өзін ұрып-соғатын күйеуімен келіншек 37 жасында 41 баласымен ажырасады. Сөйтсе тағы көтеріп қалған екен. Бұл жолы үшемді дүниеге әкеледі.
Қысқасы, Мәриям 35 жасында 15 рет босанды: 4 рет егіз, 5 рет үшем мен төртем.
44 баланың 6-ы түрлі ауру мен аштықтан шетінеп қайтыс болды. Қалған 38 баланың үлкені 28-де, кішісі 6 жаста.
Мәриямның ең үлкен арманы балаларын оқытып жарқын болашақ сыйлау.