Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы облысында бір жастан асқан баланы балабақшада біреулер тістелеп тастаған

Алматы облысында бір жастан асқан баланы балабақшада біреулер тістелеп тастаған
m24.ru/
Бөбекжай қызметкерлері жарықтың болмауы себебінен бейнекамераның да істен шыққанын айтты.

 Алматы облысы Абай ауылындағы «Жания» бөбекжайына барып жүрген бір жас сегіз айлық бүлдіршіннің денесін белгісіз біреулер бірнеше жерінен тістелеп тастаған, деп жазды KYN.ІKZ тілшісі  informburo-ға сілтеме жасап.  
Бұндай сұмдық жағдайды  көрген анасы баламды басқа тәрбиеленушілер тістеуі мүмкін емес екендігін атап өтті.



Өйткені денедегі тіс іздері тым қатты қалған. 15 тамыз күні сау баласын балабақшаға қалдырған анасы, кешке алып қайтарда сұмдық жағдайдың куәсі болған. Әуелі, қолындағы тістің іздерін көрсе, кейін үйіне барып киімдерін шешкенде денесінің бірнеше жері қызарып кеткен екен. Дереу арада балабақша қызметкерлеріне хабарласқанымен мардымды жауап ала алмаған анасы тәртіп сақшыларына арызданған. Ал дәл сол күні бөбекжай қызметкерлері жарықтың болмауы себебінен бейнекамераның да істен шыққанын айтыпты. 

Қазіргі уақытта құзырлы орган өкілдері әкімшілік іс қозғап, балабақша директорына қатысты материалдарды облыстық білім басқармасына жіберген. Ал, бөбекжайдан әбден шошып қалған бүлдіршінге  Алматы қаласында сараптама жасалды.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар