Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақтөбелік әйел: Қайырымдылық қоры халықтан науқас балама 11 млн теңге жинап, бізге бермей қойды

Ақтөбелік әйел: Қайырымдылық қоры халықтан  науқас балама 11 млн теңге жинап, бізге бермей қойды
Informburo31
Бүлдіршіннің анасы: Бұл қор Ақтөбеде талай адамға арнап ақша жинап, соңы дауға ұласқан

Ақтөбе тұрғыны Назира Жауғаш Науқас баласын емдетемін деп, қайырымдылық қорына алданған. Айтуынша, «Морлайф» ұйымы үш жасар ұлы Ілиястың еміне деп халықтан 11 миллион теңге жинаған,бірақ  ақшаны бұл отбасыға бермеген, деп жазды KYN.KZ тілшісі informburo-ға   сілтеме жасап.

 Алайда, сол қаржыға балаға күрделі ота жасатудың орнына өздерінің жеке шаруаларын шешкенін айтады. Бір жылдан бері әділдік іздеп жүрмін деген келіншек не құзырлы органнан, не әкімдіктен қолдау таппадым деп отыр.  

Етегі жасқа толған Назира Жауғаштың ұлына былтыр бағаналы жасушаларды трансплантациялау отасы қажет болған. Алайда, қымбат операцияны қалтасы көтермеген келіншек Ақтөбе қаласының қайырымдылық қорларының біріне жүгінуге мәжбүр болыпты. Сөйтіп аз уақытта Ілиястың еміне 11 миллион теңге жинаған қор директоры баланы күрделі ота жасау үшін Стамбулға әкетіпті. Кейін хабарласып, ешқандай операция қажет емес екеніне сендірді дейді Назира. Үш аптадай Қазақстанда да көрсетілетін амбулаторлық емді жүргізіп, керісінше баламның денсаулығын нашарлатты деп отыр.

 Ильяс келген кезде өте нашар жағдайда келді. Басын ұстай алған жоқ. Отыра алған жоқ. Тек жатады. Аяқ-қолы өзімен өзі дірілдейді. Жүрген бала, өзі кружкамен ішіп жүрген бала овощь болып келді. Шаруашаларын шешкен ғой. Ильястың емін емес өз шаруаларын. Фондтың шаруаларын. Жолда чектер келді. Сумма намного меньше. Оған тек физиотерапия жасалған,- деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Назира Жауғашар

Содан бері баламның ауруымен алысып жүрмін деген Назира қайырымдылық қорының үстінен құзырлыларға арыз да жазғанын айтады. Алайда, іс сол күйі сотқа жетпеді дейді. Айтуынша, «Морлайф» қорының бұл алғашқы құйтырқы әрекеті емес. Ұйымды өзге де ақтөбеліктер бірнеше рет сотқа беріпті. Бірақ, бәрі де медиациямен шешілген. Бұл сөзбен қор басшысы келіспейді.

"Ол балаға сол ауруханада ем алудың да қажеті жоқ еді. Анасы тұрып алғандықтан амалсыз бірнеше күн жатқыздық",-дейді  "More life" қорының директоры  Бибігүл Жулина.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар