Сара Тоқтамысова айтыстан тағы бір су жаңа көлік ұтып алды

Сара Тоқтамысова: Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты

sarkanai insta

Белгілі  айтыскер ақын Абай облысы Таскенкен ауылында болған айтысқа қатысып, жүлделі орын алғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

«Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ.

Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр...

От ауыз , Орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым Мұхтар Ниязбен пен шықтым. Әзілі де, әңгімесі де , өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым!

Талғат мырзаның мәрттігіне риза болып тарастық .Айтыстың арланы ,Сатираның саңлағы Балғынбек ағамызға бір көлік мінгізді .

Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты. Ақынын құрметтеген Азамат сіздей ақ болсын!», - деп жазды ақын. 

 

Loading...