Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зейнеткер телефон арқылы алаяққа депазиттегі бар ақшасын аударып берген

Зейнеткер телефон арқылы алаяққа депазиттегі бар ақшасын аударып берген
Ашық дереккөзі
Ол алаяқты банк қызметкері деп ойлап, сұрағанының бәрін айтып берген

19 тамызда Ақмола облысы Сандықтау ауданының полиция бөліміне 73 жастағы тұрғыннан алаяқтық фактісі туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

11 тамыз күні зейнеткердің телефонына қоңырау келіп түскен, онда өзін жетекші банктердің бірінің қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам жәбірленушінің депозитінен ақша алған. Зейнеткер заманауи гаджеттердің жұмысын жақсы білмейтінін айтып, ал телефон арқылы қоңырау шалған адам депозитті қауіпсіздендіру үшін мобильді банкингте қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндірген.

Күдікті құйтырқы әрекетімен егде жастағы азаматтың депозитінен екі миллион теңгені ақшалай қаражатқа аударып, содан кейін қолма-қол шығарып алған.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдіктінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар