"Ақшаң болса дос көп, абырой мықты": Мақсат Базарбаев достарының азайып бара жатқанын айтты
- автор Аяулым Изатқызы
- 23 тамыз, 2023
- 8.1k
Әнші Мақсат Базарбаев әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі достарының азайып бара жатқанын айтып, жан сырын ақтарған, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
"Менің де достарым азайып барады. Ненің белгісі екен? Кейде ойланып кетемін де, қорқамын. Жалғыздық тек Аллаға жарасар. Ең бастысы, қызғаныш пен бәсекелесу екен. Менің айтайын дегенім, ата-анамды, бауырларымды, елді сағындым", - деп жазды Мақсат Базарбаев Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары қазіргі таңда Түркия елінде жүрген әншінің бұл жазбасын қызу талқыға салған.
"Дұрыс айтасыз. Жас келген сайын достар азаяды", "Бұл өмірде достықтық құндылығы азайып кетті", "Қалтаңда ақшаң мен дәрежең болса, дос көп. Ал ештеңең болмаса, досың түгілі туысың жоқ", "Досың азайып, жаңында шын жанашырың тек әйелің қалады", - деп жазды желідегілер.
Мақсат Базарбаевтың «Музарт» тобынан кеткен себебін көпшілік әртүрлі болжайды. Бірі оны өз еркімен кетті десе, енді бірі Сәкенмен сыйы жараспағанын тілге тиек етеді. Мақсат пен оның топтағы орнын басқан Кенжебектің арасындағы қарым-қатынасқа күдікпен қарайтындар да бар.
Кейінірек әнші бұл жайында сұхбат берген болатын. «Біз туралы алып қашпа әңгімелер көп қой. Ойбай, анау бүйтіпті, Мақсат сөйтіпті деген сияқты. Мен «Музарт» тобына қазір келем десем, қазір бара аламын. Өйткені, менің орным – менің орным. Кенжебектің де өз орны бар. Өзіміздің қазақилық қарым-қатынасымыз бар. Өйткені, бұл өнер бәрімізге ортақ. Болмайтын алып қашпа әңгімеге бола, біз бір-бірімізді жаман жақтан көрсеткіміз келмейді. Мен Кенжебектің бірінші адами қасиетін сыйлаймын. Өнерін де сыйлаймын. Сондықтан екеуін қосқан кезде шынайы бауырлық қатынас бар», – дейді Базарбаев.