Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ayree: Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім

Ayree: Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім
кадр Динара Сатжан ютуб арнасынан алынған
Ayree: 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты

Танымал әнші  Ayree Динара Сәтжанға берген сұхбатында жұбайымен не себепті ажырақанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшсі.

“18 жасымда тұрмысқа шықтым. Бір жыл ғана бірге тұрдық. Біздің ажырасуымызға үлкен нәрсе себеп болды. Мен кішкентай кезімнен ата-анамның сүйікті қызы, ата-апамның сүйікті немересі, аға-әпкелерімнің ең сүйікті жиені болдым. Кішкентайыңнан ханшайым сияқты махаббатқа қанып өстім. Бірақ мұндай жағдай мені сындырып жіберді. Күйеуім менің бірінші жігітім, алғашқы махаббатым еді. 18 жасымда тұрмысқа шықтым, 19 жасымда ұлымды босандым. Тез есейіп кеттім. Тұрмысқа шыққанда өмірім одан да керемет болады деп ойлаған менің бәрінен көңілім қалды.

Мен ұлымды дүниеге әкелдім. Қазір Әлімхан 12 жаста. Күйеуіммен ажырасып кетуімнің басты себебі, мен ерекше баланы дүниеге әкелдім. 9 айлығында балалардағы церебералды паралич (ДЦП) деген диагноз қойылды. 19 жасымда мұндай шындықты қабылдау мен үшін қиынға соқты. Жас анаға күйеуінің қолдауы ауадай қажет”, – дейді Ayree. 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар