Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Психологиялық тест: Қауырсынның бірін таңдаңыз

Психологиялық тест: Қауырсынның бірін таңдаңыз
Oinet.kz
Психологиялық тесттен өтіп, мінезіңіз туралы қызықты деректермен танысыңыз

1 қауырсын Сіз — шығармашылық тұлғасыз. Сіз жаңа дүниемен танысуға құмарсыз. Сіз үнемі ізденісте жүресіз. Кез-келген қиын жағдай болса оны жақсы жағынан көруге тырысасыз. Араласатын адамдарға да өте мұқиятсыз. Бір қарағанда  адамдар сізді суық қанды деп ойлауы мүмкін алайды бұл мүлде қате пікір. Сізбен жақын араласқан адам сіздің қандай ашық жарқын екеніңізді біледі. Өте мейірімдісіз.Кейде сол басқаларға деген жанашырлығыңыздан өзіңіз опық жейсіз.

2 қауырсын Cіз кез-келген жағдайға сіңісіп кете алатын жансыз. Басқа адамдардың алдында өзіңізді тым еркін ұстайсыз. Бұл сіздің ең басты ерекшелігіңіз. Осы қасиетіңіздің арқасында араласатын ортаңызда көп. Қанша күліп жадырап жүрсеңізде көзіңізде бір мұң бар. Ол өткен күнге өкіну. Оңаша қалған кезде осы ойлар сізді жегідей жейді. Бірақ сіз бұл өткеннің еншісі екенін түсініп, болашаққа нық қадам жасауыңыз керек. Өткеніңізді қабылдап әрі қарай бұдан да бақытты ғұмыр кешетініңізге күмәніңіз болмасын. 

3 қауырсын Сіз табиғатыңыздан бастық болуға жаралғансыз. Сізге үнемі қозғалыста болған, бір уақытта бірнеше жобалармен айналысқан ұнайды. Бәрін назарда ұстағыңыз келеді. Басқа адамдардың жұмысына көңіліңіз толмаған кезде кейде тым артық кететін кездеріңіз де болады. Ұрыс керістен кейін  өзіңізді  кінәлі санайтын кездер сізде жиі кездеседі. Сондай жағдайларда ашуыңызды ақылға жендіруге тырысыңыз. Егер осы әдетіңізді жеңіп шықсаңыз сіздің алдыңыздан бұдан да басқа есіктер ашылады.

4 қауырсын Сіз барлық нәрседе үйлесім болғанын құп көресіз. Үнемі біреуге көмектесуге дайын жүресіз және жаныңызға өзіңізді сүйетіндерді ғана жинайсыз.Жүрегіңіз тым нәзік. Сізді ренжіту оп-оңай. Жұмсақ мінезіңіздің сізге талай кесіріде тиген. Сондықтан өз-өзіңізді қолға алып барынша өзіңіздің басқалардың ренжітуіне жол бермеңіз. 

5 қауырсын Сіз кретивті ойлайсыз және бойыңызда актерлік қабілет жетерлік. Бірақ сол талантыңызды қорқақтығыңыз тұншықтырып келесіз. Енді осындай ерекше дарыныңызбен басқаларды таң қалдыратын уақыт келген сияқты. Батыл болыңыз! Сіз бұл әлемді бағындырып арманыңызды міндетті түрде орындауыңыз керек. 



 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар