Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сырдарияға батқан 11-ші адамның денесі табылды

Сырдарияға батқан 11-ші  адамның  денесі табылды
ТЖМ
Қыз баланың денесі табылды

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен 11 адамның соңғысының денесі табылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

"Бүгін сағат 14: 56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кетті, оның 8-і кәмелет жасқа толмаған", - деп жазылған хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігі халықты қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмауға шақырды.

Қайғылы жағдай 21 тамызда кешкі сағат 18:00-дің кезінде Отырар ауданындағы Сырдария өзенінен өтетін көпір маңында болған. Шомылуға барған 20 адамның 11-і суға батып кеткен.

Туыстар тойдан шыққан соң демалу үшін өзен жағасына тоқтаған. Қайтыс болған адамдар суға түсіп те үлгермеген. Алдын ала мәлімет бойынша бір адам сүрініп суға құлаған соң өзгелері оны құтқарып қалғысы келген. Алайда олар да батып кеткен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар