Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тележүргізуші Земфираның ұжымы жайлы:долы жоңыздың өзі отырған жерін бұлай ластамайды

Тележүргізуші Земфираның ұжымы жайлы:долы жоңыздың өзі отырған жерін бұлай ластамайды
krasivoe-foto.ru инста erkanat_kopjasar
Журналист: Алаш баласы, бұлай кіші пейіл болуды қою керек

Танымал Ресей әншісі Земфира Қазақстанда концерт берді. Бірақ желідегі парақшасында концерт ұйымдастырушыларын сынап, концерттің орташа деңгейде өткенін жазған болатын, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

Бұл жағдайға қатысты танымал тележүргізуші Ерқанат Көпжасарда өз пікірін білдірген еді. 

«Ресейлік әнші Земфира біздің елде концерт берген екен. Сүйтіп ән кешінен кейін ол парақшасына біздікілер шығармашылық ұжымды күтіп ала алмады, ұйымдастыру төмен деңгейде деп, тіпті Қазақстанымыздың атын кіші әріппен жазыпты. Әйтсе де ұйымдастырушылар керісінше земфираның ұжымы өздерін сахна сыртында қалай ұстағанын дәлелмен ашық көрсеткен. Видеода көргендеріңіздер долы жоңыздың өзі ішкен-жеген жерін бүйтін ластамас.
Асыңды ішіп астауыңды теуіп кете береді, Алаш баласы. Осы құлдықтан арылар кез келді ғой», - деп жазды ол.
 

Желі қолданушылары болса: "Осылардың концертіне баратындар да сана жоқ ау", "Нелерің бар шет елдегілерді шақыртып", "Біз өзіміз кінәліміз, осыларды дәріптеп шақырған",- деп ойларын ортаға салды. 

 

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар