Мәдениет
Блогер Айжан Байзақова күйеуінің бірінші некесі туралы ашып айтты
- автор Аяулым Изатқызы
- 24 тамыз, 2023
- 3.4k
Айжан Байзақова: Нұрбектің балалары жоқ
Блогер Айжан Байзақовa жұбайының өзінен бұрын да некеде болғанын көпшілікке ашып айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Желі қолданушысының бірі Байзақовадан "Күйеуіңнің болашақ сәбиден бөлек балалары бар ма?", - деп сұраған. Ал блогер күйеуінің өзінен бұрын некеде болғанын және балаларының жоқ екенін айтты.
"Нұрбектің маған дейін де некесі болғаны жасырын емес. Алайда оның балалары жоқ. Әрине, менен ештеңе жасырмаған болса. Балалары жоқ. Алан бар және болашақ сәбиіміз", - деді Айжан Байзақова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, осыған дейін Айжан Байзақова болашақ сәбиіне есімді күйеуінің ата-анасы таңдайтынын айтқан болатын.