1xadv

Жастар қай бағыттағы пойызда жеңілдікпен жүре алатыны айтылды

Жастарға арналған жеңілдік картасы іске қосылды

Tengrinews.kz / Турар Казангапов

«Жастар» жеңілдік картасы көмегімен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25 пайыздық жеңілдікпен жүре алады. Бұған дейін жеңілдік Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы Жол Астана – Шымкент станциялары қатынасындағы коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана қолданылды, - деп жазылған ҚТЖ таратқан хабарламада. 

 

«Жастар» картасының бағасы 3000 теңге. BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның кассаларында теміржол билеттерін алу кезінде «Жастар» картасын пайдалануға мүмкіндік бар. Картаның жарамдылық мерзімі  іске қосылған уақыттан бастап 1 жылды құрайды.

Loading...