Заңгер Айгүл Орынбек күндіз оранып, түнде "желі жезөкшесі" болып жұмыс істейтін қызды әшкереледі
- автор Анар
- 24 тамыз, 2023
- 10.8k
Танымал заңгер оранған нәзік жандылардың адам миына сыйғысыз істері туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Күндіз “Иманка”, түнде “Шайтанка". Мына қыздың фото-видео, суреттері жекеме келді. Хиджабтағылардың бәрі періште емес!!! Жекеме келген хаттан үзіндіні сіздермен бөлісейін, фото-видеоларын көрмей-ақ қойыңыздар!
"Өте орынды айтып отырсыз. Бүркеніп алып бүлдіріп жүргендер көөөп. Фактімен айтатын болсам ,мен бір қызды танимын Тараз жақтан. Шешесі әркімнен туып, жалпы некесіз 5-6 баласы бар, кейін сандалып жүріп, бір сақалдыға тиіп, қазір типа хиджабта. Өзі білер. Енді содан некесіз туылған қызы жер әлемді өртеп жүріп, пирамида Qnet-ке елдің бәрін тығып, ақымақтардың миллиондарын қалтаға басып, Астанада жүр. Оранып алған, күндіз аксессуар, анау-мынау сатады да, түнде жалаңаш видео, суреттерін жарнамалап, жаман істермен айналысады.
Күндіз көрсең таңғаласың, 5 уақыт намазда, керемет оранып алған, Құдай өзі кешірсін,осы ма біздің иманды, оранған қыздар? Оның айналасында қаншама қыздар жүр. Мен оның фото, видеоларын балам армияда жүргенде екеуі басында ортақ таныстары арқылы сөйлесіп жүреді де,кейін осындай сұмдықтарды жіберген ғой. Балам басқа сотка алып, бұрынғысын қызыма бере салады.Қызым сотканы тазартып отырғанда бір папкадан жаңағы қыздың сурет, видеоларын көріп, талып қала жаздаған. Оны маған айтуға ұялып, біраз уақыттан соң хабардар етті.
"Мама, ол қыз осындай екен, өтірік оранып жүреді екен, бала араласпасын деп. Мен де көріп шошып кеттім. Факт керек болса, тұр. Үйіндегілерге айттым "қыздарың осылай, еге болыңдар",- десем, "ол өзі біледі, намазда, жақында ұзатамыз",- дейді. Мейлі, өздері білсін, бірақ бір соры қайнаған алады ғой періште деп. Міне, қазіргі жастардың жабынып алған пердесі осындай. Болашақта не болады.....
Ата-анасы "балам, қызым намазда, оранған" деп мәз, сыртта істеп жүргендері мынау, содан кейін бұларда ақша көп қой, бірнеше точкалары бар, отбасыларында оны ашып беретіндей жағдай жоқ, көре алмаушылық деп түсініп қалмаңыз, дегенмен бұларды ақшалай қаржыландырып отырғандар бар деген сөз.
Сөзіңізді дәлелдеңіз десеңіз, менде дәлел көп, жіберемін.
Ол қыз басында Таразда жүрді, одан Алматыда, енді Астанада жүр командасымен, типа сауда жасайды. Бұл хатты анонимно жария етсеңіз өзіңіз білерсіз, бірақ мен жазғанымды жария етпесеңіз, өтініш. Баламның өміріне қауіп төндіргім келмейді", - деп заңгерге оқырманы жазған екен.