Зейнеп Ахметова : Айқайлап, отырса опақ, тұрса сопақ қылып келінді ұстау үйдің берекесін алады
- автор Akarman K
- 24 тамыз, 2023
- 2.7k
Зейнеп Ахметованың jibek joly tv арнасындағы сұхбаты көпшіліктің көңілінен шықты. Қазіргі кездегі өте маңызды тақырып ене мен келін қарым-қатынасына байланысты бұл сөздері оқырманның назарын аударды.
"Келін келгеннен кейін қадалатын көзде көп,айтылатын сөз де көп,сын да көп. Сол жерде сүйеу болатын, тіреу болатын парасатты ене болу керек. Енеде парасат , ақыл болу керек. Сонда ғана ол өкше басары бола біледі. Әншейін қолды қусырып, келін келді мынаны істесін деген дұрыс емес. Сен бірге жүріп істе.Көрсет.Ол сенің бүкіл өмірлік тәжірибеңді қабылдап алуы керек. Бірге жүріп істеші, біраздан кейін қолың босайды өзі де.
Айқайлап, отырса опақ, тұрса сопақ қылып келінді ұстау үйдің берекесін алады. Келінді жақсы көру керек. Ол сенің ұрпағыңды, әулетіңді өсіретін адамғой",-деді Зейнеп Ахметова.
Желі оқырмандары: "апамыз жақсы айтты, осындай дана апаларымыз көп болсын", "дұрыс айтасыз , жас түскен келінге анасындай құрмет қамқорлық көрсетудің соңы үлкен сыйластыққа ұшырайды", "осындай парасатты ақылыңызды көп айтып тұрыңыз" - деп пікірлерін білдірді.
Бұған дейінде Зейнеп Ахметованың түрлі тақырыптағы парасатты, ойлы әңгіме-сұхбаттары халық көңілінен шығып отырған.