Мәдина Ералиеваның мәйітіне сараптама жасаған дәрігер 18 жылдан кейін бар шындықты жайып салды
- автор Анар
- 24 тамыз, 2023
- 6.1k
Соңғы сапарға аттанарда Мәдина Ералиева қасыңда қалған адамдарға "қарарсыңдар" деп соңғы сөзін айтқан көрінеді. Әншінің нені меңзегені көпшілікті әлі де ойландырады. Олар артында қалған жалғыз баласы Әнуарды тапсырған шығар деп топшылаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі KAZAKH TV арнасына сілтеме жасап.
Ал жол апатының салдарынан мерт болған Мәдина Ералиеваның денесіне сараптама жасаған дәрігер Мағауия Бөкешов 18 жылдан кейін іште сақтап келген құпиясының сырын ашты.
«Жұмыс барысында мамандығым патологанатом болғандықтан, жансыз Мәдинаның мәйітіне медициналық сараптама жасадым да, қорытындысын жазған едім. Сараптама кезінде Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана екенін көріп таңғалдым. Әр адамның анатомиясы әртүрлі болатыны белгілі ғой. Менің дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің өкпесінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты болмайды. Бұл ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қорытындысына «көлік жарақаты» деп қорытынды жаздым. Бұл жайт маған да оңай тимеді. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп көз жасымды сығып қала бердім», – дейді дәрігер.