Атырауда күдікті ағым жетегіндегі ер адам бұрынғы әйелін сабап, күштеп көлікпен әкетіп жатқан жерінен ұсталды
- автор kyn.kz
- 25 тамыз, 2023
- 6.5k
Атырауда деструктивті діни ағым өкілі полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, бұрынғы әйелін ұрған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Оқиға жайлы куәгерлер 102-ге хабар берген.
«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіп, күдікке ілінген Honda автокөлігін Атырау-Қарабатан тасжолынан анықтап, тоқтатты. Көліктің рульінде болған 1987 жылғы жүргізуші полиция қызметкерлеріне қарсылық танытып, заңды талабына бағынбаған. Ал 1988 жылғы әйел бұрынғы күйеуінің өзін ұрып-соғып, дене жарақатын салғанын, еркінен тыс көлікпен белгісіз бағытқа алып бара жатқанын мәлімдеді. Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің бұрын сотты болғаны, деструктивті діни ағым өкілі екені анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Заңға сәйкес, бұрынғы әйелін ұрып-соққан азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-2 бабымен кінәлі деп табылды.
Айта кетейік, бұл ер адам бұған дейін 4 мәрте осындай әрекет жасаған. Бұдан былай полицияның бақылауында болатыны хабарланды.