Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сүндеттеліп жатып патриоттық ән салған балақай елді сүйсінтті (видео)

Сүндеттеліп жатып патриоттық ән салған балақай елді сүйсінтті (видео)
ашық дереккөз
Балақай: Ел үшін, жер үшін құрбанмын
Желіде сүндеттелу сәтінде патриоттық ән салып, өз намысын қайраған балақайдың әрекетіне көпшілік сүйсіне қарады, деп жазды  KYN.KZ. Баланың қос қолын жоғарыға қарата анасы басып тұр. Хирург өз жұмысын істеп, оған көмекшісі заттарын дайындап беруде. Ал сүндеттеліп жатқан жас шамасы бестердегі балақай айқайлап тұрып ән салуда. Анасы болса "Әніңді тоқтатпа, жалағстыр" дейді ұлына. Арасында жігіт болып жатқанын ән жолдары арқылы айқындай айтқан балақайдың дауысы дірілдеп кетеді. Дәрігер жылдам қимылдап жатады, тура сол сәтте  баланың сүндеттелгенін байқауға болады. Видеоны тамашалағандар балақайға "Сәттілік, міне азамат", "міне жаста болса өжет екенін дәлелдеді", "Қайсар, батыр қазақтың ұрпағы" деп балақайды мұсылман болуымен құттықтай отырып, оның патриоттық әнді орындауына, батылдығына сүйсінгендер көп болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар