Басты жаңалықтар
Сегіз жастағы ақылды бала мектепті бір жарым жылда бітірді
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2018
- 361
Ол 18 жасар түлектермен бірге аттестат алды
Бельгия тұрғыны Лоран Симонс сегіз жасында жоғары сыныпты бітіріп, университетке түсуге дайындалып жатыр деп KYN.KZ trend.az. сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Лоран мектептің алты жылдық курсын бір жарым жыл ішінде бітіріп, 18 жастағы түлектермен бірге аттестат алды. Баланың ата-анасы оның IQ көрсеткіші 145-ке тең екенін айтты.
Ақылды бүлдіршін RTBF-ке берген сұхбатында оның сүйікті пәні математика деген болатын. Себебі, математикада алгебра да, статистика да, геометрия да бар. Лоранның ата-анасының айтуынша, ол бос уақытында математикалық есептерді шығарғанды және медициналық кітаптарды оқығанды жақсы көреді.
Бұрын ол хирург немесе ғарышкер болғысы келген, ал қазір информатикаға бет бұруда. Жас вундеркинд жазғы демалыстардан кейін университетке түспекші. Әзірге ол ешқандай оқу орнын таңдамаған, алайда оған әлемнің барлық университеттерінен толассыз қсыныстар келіп жатыр.