Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады
Ашық дереккөзі
Оқушыларға бұрынғы оқу мерзімі қайтарылды

Қазақстандық оқушыларға бұрынғы оқу мерзімі қайтарылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 

Вице-премьер Тамара Дүйсенова министрліктің бұл шешімі орынды, бірақ асығыс қабылданған шешім деп санайды.

"Осыған байланысты биылғы оқу жылын 25 мамырда аяқтау арқылы 34 апталық оқу жылына қайтару дұрыс деп санаймын",

- деді Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мұғалімдердің тамыз кеңесінде.

Оның айтуынша, алдағы оқу жылында қажетті дайындық жұмыстарын жүргізу, оның ішінде оқу жоспарын бейімдеу және оқу жылын 2025 жылдан кейін 36 аптаға ұзарту мәселесіне қайта оралу қажет.

"Бұл мәселе бойынша қоғамда көптеген шағымдар мен педагогикалық қауымдастық тарапынан ұсыныстар түсіп жатыр, мұны мойындау керек",

- деді ол. Айтуынша, бұл әлемдік тәжірибе, бірақ мұндай жаңашылдықтарды енгізу әрқашан тыңғылықты дайындықты қажет етеді.

Биыл оқушылар оқуын 31 мамырда аяқтады.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар