Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматы түтінге тұншығып тұр: ТЖД өртке байланысты үндеу жасады

Алматы түтінге тұншығып тұр: ТЖД өртке байланысты үндеу жасады
Ашық дереккөзі
Өрт салдарынан қалада түтін иісі байқалады

25 тамызда өрт сөндірушілер Алматының Жетісу ауданындағы қоймадағы күрделі өртті сөндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жанғыш жүктемесі жоғары қойма өртенген. Соған байланысты қалада түтін мен күйік иісі байқалып жатыр. Аумағы 4000 шаршы метрден асатын қоймада шамамен 2500-2700 шаршы метр ламинат бар екені айтылды.

 

"Сүйінбай көшесі, 50 мекенжайында түнде жойылған S = 295 м2 жоғары жанғыш жүктемесі бар қоймадағы өрт салдарынан түтін шығуы байқалады", - делінген хабарламада.

 

Ведомство азаматтардан сабыр сақтап, маска тағуды сұрады. Тыныс алу жолдарының аурулары бар адамдар мен қарт адамдарға үйден шығу ұсынылмайды. Әсіресе, отқа жақын жерде тұратындар үйде болғаны дұрыс.

Бұл ретте Алматы Төтенше жағдайлар департаменті адамдардың өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ екенін, бұл өрттің қалдық салдары екенін түсіндірді.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар