Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әр саланы жемқорлық жайлап алған": Шу ауданының депутаты мандатынан бас тартты(видео)

"Әр саланы жемқорлық жайлап алған": Шу ауданының депутаты мандатынан бас тартты(видео)
kyn.kz
"Бізде жұмыс істейтін билік жоқ": Ержан Қаршығабеков бұндай шешімге баруының екі себебін атады

Шу ауданының Мәслихат депутаты ойламаған жерден шулы мәлімдеме жасады. оның сөзінше өңірде депутат болып жұмыс істеу мүмкін емес. Әр саланы түп-тамырымен жемқорлық жайлаған деген депутат бәрінен бас тартып, салы суға кеткен. Сөзінше осыдан басқа амалы құрыған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

"Бүгін мен Шу аудандық мәсслихатының депутаты өз мандатымды тапсырдым. Бұған екі себеп пайда болды. Менің ойымша аудандық мәслихат депутаттарында халықтың жағдайын жақсартатын ешқандай инструменттер мен құралдар, билік жоқ. Екінші себеп, әр салада тамырын жайған жемқорлықтың себебінен",-деді Ержан Қаршығабеков.

Экс-депутат KYN.KZ  тілшісіне берген сұхбатында осындай шешімге келуге себеп болған жағдайларды айтып берді.

"Мен депутат болмас бұрын өңірде белсенді болдым. Көпшілік түрлі құжатқа байланысты, заң ережелеріне қатысты меннен кеңес алатын. Өзімнің кәсібім де бар. Мәслихат депутаты болар алдында менде ешқандай айлық болмайтынын білдім. Депутаттық үшін айлық алып, ақша табуды ойлаған да жоқпын. Бірақ, халық мәселесін айтып, шешілуін күтеді. оның бәріне уақытымды бөліп, жүгірдім. Бірақ, нәтижесіз.

Мемлекеттік қызметкерлер еш жұмыс істегісі келмейді,  заңсыздықты айтып шағым түсірсең еленбейді де. Мен халықтың алдында уәдемді орындай алмағаным үшін ұятқа қалып, кешірім сұрап тұрудан арландым. Өңірдегі заңсыз алынған тендерлерді де әшкереледім, олардың сомасы да ірі. Бірақ, оған бұрылып қараған жан болмады. "Ақ жол" партиясының мүшесімін. Сол партия атынан түстім депутаттыққа. Өзім көрген заңсыздықтар бойынша антикорға да жаздым. Өкініштісі әкімшілік іс, қарамайды.

Содан уақытымды бұлай босқа өткізгенше, өз шаруаммен жүріп - ақ, елге пайдамды тигізейін деген шешім қабылдадым. Мұндай қадамға бармас бұрын әріптестеріме, аудандық әкімдіктегі қызметтестеріме айттым. Көпшілігі қолдамады. Билік тарапынан "Бір жыл шыдап көр" деген ұсыныстар болды. Шу ауданының әкімі Жәнібек  Бақытжан оразалыұлының келгеніне жарты жыл да болған жоқ. Оны да қандай да бір жауаптарға тарту ерте деп ойлаймын",-дейді  Ержан Қаршығабеков.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар