Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алжапқыш тағып асханада жүрген Роза Рымбаеваның қарапайымдылығы көпшілікті сүйсінтті

Алжапқыш тағып асханада жүрген Роза Рымбаеваның қарапайымдылығы көпшілікті сүйсінтті
rozarymbaeva insta
Желі қолданушылары: Асханада кәдімгі қарапайым әйел екен ғой

Желіге танымал әнші Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов асүйден анасының алжапқышпен ыдыс жуып  жүрген видеосын жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

Онда Әли: 

"Все суп приговорен. Мантыға енді орын қалмай қалды. Мамам бірдеңе жинап жатыр. Мынау Зекеннен фирменный кресласы. Не үшін фирменный екенін айтпая қояын бірақ ол сиқыры бар кресло. Енді тағы бір-бір шайдан и дальше на работу",- деп видео жазба қалдырған.  

Желі қолданушылары болса: "Үлгілі ана, мейірімді апа, балалары өте тәрбиелі, білімді", "Ауылдан шыққан қарапайым қазақтың қызы","Елге үлгі боларлық жан", "Асханада кәдімгі қарапайым әйел екен ғой", "Аллам Роза ханымға ұзақ ғұмыр берсін, өзіне сондай жарасады", "Махаббат пен мейірімге толы әйел",- деп ойларын ортаға салды.  

 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар