Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев Үкіметке қырғызбен шекарадағы жағдайды ың-шыңсыз шешуді тапсырды

Тоқаев Үкіметке қырғызбен шекарадағы жағдайды ың-шыңсыз шешуді тапсырды
ашық дереккөзі
23 тамызда шекарада қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылған

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз елімен шекарадағы жағдайды ың-шыңсыз шешуді тапсырды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы Үкіметке қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайды екі ел арасында қалыптасқан серіктестік және бауырластық қарым-қатынас аясында реттеуді міндеттеді

“Сондай-ақ тауарларды шекара арқылы заңсыз тасымалдауға жол бермеу үшін цифрландыру мен автоматтандыруды неғұрлым белсенді енгізу мәселесі бойынша қырғыз тарапымен келіссөздерді жалғастыру қажет екені атап өтілді”, – деп жазды ресми ақпарат көзінен.
 

Еске салайық, бірнеше күннен бері қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр. Жүргізушілер жүк көліктерінің Қазақстанға кіргізілмеу себебіне қатысты түрлі нұсқа айтады. Олардың бірі бойынша, бұл Қырғызстанның Қазақстанға суармалы су жеткізуді тоқтатуына байланысты. Екінші нұсқа – қазақстандық шекарашылар есірткі тиелген өзбекстандық жүк көлігін іздеп жатыр деген болжам бар.

Бұдан бұрын Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадағы жағдайға қатысты түсініктеме беріп, өткізу пунктерінде ешқандай шектеулер енгізілмегенін мәлімдеген.

23 тамызда шекарада қаңтарылған көліктер саны 600-ден асып жығылғаны хабарланған.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар