Түркістанда дүкен иесі өзінің сатушысының атына онлайн несие рәсімдеген
- автор kyn.kz
- 26 тамыз, 2023
- 2.5k
Түркістанда қызметкерінің атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн түрде несие рәсімдеген азамат анықталды. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа-порталында хабарлады.
"Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге", – делінген хабарламада.
Полицейлер аталған фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Ведомство ақпаратынша, тәртіп сақшылары ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген. Нәтижесінде күдікті тәулік ішінде анықталып, полиция басқармасына жеткізілді.
Ол жәбірленуші жұмыс істейтін сауда дүкенінінің иесі екені анықталды және жергілікті тұрғын болып шықты. "Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеген. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп жазады ведомствода.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024