Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақкенттегі өртте балаларды жоғарғы қабаттан лақтырған әйел олардың 14 жастағы әпкесі екен

Ақкенттегі өртте балаларды жоғарғы қабаттан лақтырған әйел олардың 14 жастағы әпкесі екен
Игстаграм
14 жастғы Сымбатты көпшілік қайтыс болған әйел деп ойлаған еді

1 тамыз күні Алматыдағы Ақкент ықшамауданында болған өртте 14 жастағы қыз үш бауырын терезеден лақтырып, аман алып қалған. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай желідегі ресми парақшасында жариялады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде терезеден алдымен кішкентай балаларды лақтырып, кейін өзі секірген қыздың видеосы кеңінен таралды. Көпшілік бұл видеодағы қызды сол өрттен қаза тапқан Әсел есімді келіншек деп ойлаған болатын. Алайда терезеден секірген қыздың 14 жастағы Сымбат есімді оқушы екені анықталды.

Бес баланың үлкені Сымбат сол күні өртте үйде бауырларымен болып, қою түтіннен өзінен кіші балаларды аман алып шыққан. "Сол күні бауырларыммен үйде болдым. Ата-анам өрт болып жатқанын айтып, бізге баспалдақ арқылы түсіңдер деп телефон соқты. Үйді түтін басып жатқан соң, қолыма ілінген киімді сулап, ауыздарына түтін кірмесін деп тыға бастадым.

Түтіннен ештеңе көрінбегесін, телефонның жарығымен коридорға шықтық. Бірақ ол жақта да ештеңе көрінбейді екен. Адасып, үйге қайта кірдік. Сол кезде бір сіңлім адасып, қалып қойды", - дейді Сымбат.

Өрт сөндірушілер келіп болмаған соң, Сымбат балконға шығып, төмендегі халықтан көмек сұрап, бауырларын біртіндеп лақтыра бастаған. "Ең алдымен кіші інімді лақтырдым. Кейін сіңлілерімді лақтырып, соңында өзім секірдім. Лақтырған кезде еш қорықпадым. Тек аман болсақ екен дедім. Мен түскен кезде матрас дұрыс ұстамай қалды. Бірақ сол сәтте жерге сәтті немесе сәтсіз түскенімді ойламадым. "Аяна аман ба екен?" деген ой ғана тұрды. Өйткені ол адасып, қалып қойған еді", - дейді ол. 

Анасының айтуынша, дәлізде адасып қалған Аянаны өрт сөндірушілер сыртқа шығарған. Кейін ол балаларын Алматының түрлі ауруханаларынан тауыпты. Қайырымды оқырмандар бауырларын аман алып қалған Сымбат пен оның отбасына бір сағат ішінде 2 миллион теңге жинап берді. Сондай-ақ түрлі сыйлықтар тарту еткен. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар