Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабардайды KYN.KZ тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Саран» шахтасында түнде өрт шыққаны белгілі болды. Арнайы құтқару тобының көмегімен барлық кеншілер аман-есен жер бетіне шығарылды.
«2023 жылғы 27 тамызда сағат 01:55-те «Саранская» шахтасынан өрт шығып, апатты жою жоспары енгізілді. Өрт сөндірілді. Барлық жұмысшылар жер бетіне шықты. Зардап шеккендер жоқ, себептері мен мән-жайы анықталуда», - деп мәлімдеді АрселорМиттал Теміртау баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
Шахтаның астында қалып қойған бес кеншінің денесі табылды.