Грант саны көп бөлінген мамандықтар белгілі болды.
Резидентурада білім алу мүмкіндігі артып, гранттар саны 1500-ден 2500-ге дейін артты деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын", - деп жазылған хабарламада.
Мамандар ЖОО - дан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша оқуын жалғастыра алады. Грант саны көп бөлінген негізгі мамандықтар:
Акушерлік және гинекология; Анестезиология және реаниматология; Неонатология; Терапия; Жалпы хирургия; Неврология; Психиатрия; Оториноларингология; Кардиология; Офтальмология; Жұқпалы аурулар; Травматология-ортопедия; Эндокринология.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Басты жаңалықтар
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




