30 тамызда еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- автор Аяулым Изатқызы
- 30 тамыз, 2023
- 2.4k
Синоптиктер 30 тамызда Астанада және еліміздің 13 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Астанада найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Алматы облысының оңтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжанады. Алматы облысының солтүстік бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында оның екпіні 15-20 м/с құрайды, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады деп болжанады. Таңертең және түстен кейін найзағай ойнап, облыстың таулы аудандарында бұршақ жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз тау асуларындағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Шымкентте таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда таңертең және түстен кейін найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.