Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал актер Қажет Смағұлов тыр жалаңаш фильмге түсті

Танымал актер Қажет Смағұлов тыр жалаңаш фильмге түсті
Ашық дереккөзі
Актер "Менің үйім қайда?" фильмінде жалаңаш сахнаға түскен

Комедиялық рөлдерді жиі сомдайтын Қажет Смағұлов "Менің үйім қайда?" деп аталатын кезекті фильмінде тыр жалаңаш күйінде төбе көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 


"Қажет шешініп, неге жүгіріп жүр деп... Тыр жалаңаш... Иә, солай боп тұр. Негізі, мына Совет үкіметінің киносында, "Алтын коллекция" деп айтамыз ғой, Леонов "Полосатый рейсте" түсті. Попанов "Бриллиантовый рука" фильмінде түсті. Судың астында, іш киімсіз қалып... Содан кейін мынау, бізде, Қазақстанда осы", - деді Қажет Смағұлов.


Фильм желісі бойынша үш отбасы алаяқтарға алданып, бір үйді сатып алады. Солай уақытша нақты қожайынның кім екенін анықтағанша біргіе бір пәтерде тұрады. Бірге тұрған әрбір сәтінде қызықты оқиғалар орын алады. Басты кейіпкерлердің бірін Қажет Смағұлов ойнаған. 

Қажет Смағұл актер ретінде түрлі образдарда бой көрсетуден қорықпайтын болып шықты. Өнер иесі тіпті ер-азаматпен сүйісетін кейіпкерді де сомдай алатынын айтты.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар