Бұланды мен Қарағайда оқушылар шаруашылық кеңседе оқуда мәжбүр
- автор kyn.kz
- 30 тамыз, 2023
- 1.5k
Ақмола облысының Бұланды, Қарағай елді мекендерінің оқушылары осы жылы тағы да орман шаруашылығының кеңсесінде оқиды деп хабарлады KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап
Ауылдағы білім ордасының ғимаратын төрт жыл бұрын құлағалы тұр деп танып, балалардың оқуына тиым салынған. Апатты деп танылған мектеп ғимаратын жекеге сатып жіберген. Ауыл тұрғындарының ендігі үміті жаңа білім ордасы. Мемлекеттен 1млрд ақша бөлінсе де, 3 жыл бұрын құрылысын бастаған мектеп әлі балалардың оқуына берілмеді.
"2018 жылы мектептің шатырын жөндеген. Қалай болса солай салынған құрылысты әкімдік комиссиясы қабылдап алды. Төбесінен бастап сөгіліп, ғимарат кешікпей бүліне бастады. Аса ескі мектеп емес қой. Қабырғаcы қисайып қауіп төндірген кезде төтенше жағдай апатты деп таныды.Сонымен мектептің шаруасы бітті",-дейді Қайрат Тасылбеков
1 сыныпта 2 түрлі сабақ өтетін бұл жерде, ұстаздар сыбырлап, жәй сөйлеуге мәжбүр екенін айтты. Шарушалық кеңседе 7-8 бөлмеден басқа орын жоқ, спортзал тақырыбын қозғалмайды да екен.
"Біздің балалардың таңертең тұрғандағы сұрағы: «біз қай мектепке барамыз?». Біз оны ойлауымыз керек, әкешешесі.Облыс, аудан әкімдері тарп етпей отыр. Былтыр мектеп басталған, сол қалпында, өздеріңіз көріп отырсыздар",-Мәриәш Арынғазынова
"Келесі жылы, материалдардың қымбаттауына байланысты. 7 ай түзетілді. Биыл наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатырмыз. Биыл берілгені 613 миллион теңге. Оның 50 пайызын игердік. Қалғанын жылдың аяғына дейін игереміз. Әзір жұмыстың бәрі кезеңкезеңмен жүріп жатыр",- Батырбек Есенгелдиев, «Ерқанат сервис»ЖШС учаске басшысы