Басты жаңалықтар
Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынады
- автор Аяулым Изатқызы
- 30 тамыз, 2023
- 5.1k
Бұйрықты 6 ай мерзімге енгізу қарастырылған
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанға рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ведомство "Рульдік басқару және олардың шанақтары оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрықтың жобасын дайындады.
Бұйрыққа сәйкес тыйымды 6 ай мерзімге енгізу қарастырылған.
Жоба 2023 жылдың 13 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.
Заң жобасы мақұлданған жағдайда оның орындалуын Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп бақылайды.
Бұған дейін Қазақстанда рөлі оң жағында орналасқан көліктерді әкелуге 2006 жылы тыйым салынған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Синоптиктер 2026 жылдың алғашқы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025
Басты жаңалықтар
Жаңа жылдық мереке күндері ХҚКО-лардың жұмыс кестесі белгілі болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 желтоқсан, 2025




