Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚР оқу ағарту министрі: оқушылар мектепке біркелкі формамен келуге міндетті

ҚР оқу ағарту министрі: оқушылар мектепке біркелкі формамен келуге міндетті
Ашық дереккөзі
Діни араздық тудырған азамат пен жеке меншік мектептер жіті тексеріледі.

Білім ордасына хиджаппен бару мәселесіне қатысты Ғани Бейсенбаев заң бойынша жауап берді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі де Қайрат Рысқұлбековтың ағасы Талғат Рысқұлбеков «1 қыркүйекте қызымды орамалмен мектепке апарамын. Олай болмаған жағдайда Шешенстанға кетуден тайынбаймын» деген видеосы қызу талқыға салынды. Өзге елге көшемін деген қоғам белсендісі Алматыдағы ақылы мектептің хиджабпен қызын қабылдайтынын айтып елде қалатынын мәлімдеген.

Бас ұстаз еліміздегі мектептер мен бала-бақшалар Ата заңымызға сай жұмыс жасайтынын айтты.

Ал діни араздық тудырған азамат пен жеке мектептер тексерілетінін жеткізді.

"Бізде барлығы заң бойынша регламенттелген. Сондықтан ол жекеменшік бола ма, мемлекеттік бола ма, барлығы заң шеңберінде орындалуы тиіс. Жалпы мониторинг деген бар. Әрбір өңірде сапаны қамтамасыз ететін департаменттер бар. Олар сол жердегі сапаның қамтамасыз етуін қадағалап отырады",- дейді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар