Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дауа Шәкірова «Қыз Жібек» рөліне 400 қыздың ішінен таңдап алынған

Дауа Шәкірова «Қыз Жібек» рөліне 400 қыздың ішінен таңдап алынған
Серікқазы Көкенай фейсбук парақшасынан алынған
Серікқазы Көкенай: Дауа 21 жасында дүние салды

Махаббат арқылы, екі рудың ара-қатынасы, сол арқылы халық өмірі мен тағдыры бейнеленген Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына енген. Қазақстанға еңбегі сіңбеген қайраткер Серікқазы Көкенай әлеуметтік желідегі парақшасында "Қыз Жібек" Фильміне қатысты тың деректермен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

"Дауа Шәкірованы «Қыз Жібектің» рөліне 400 қыздың ішінен таңдап алын­ғанын біреу білсе, біреу білмейді. 1966 жылы басты рөлге іріктеуден өтіп, 1967 жылы фильмнің басты рөліне шақырт­қанда Дауа өмірден өтіп кеткен еді.

– Дауа 21 жасында ғана дүние салды. Адам қолынан деп ойлаймыз. Бірақ бізге троллейбуста тоқ соқты деді. Анамның жылағаны әлі көз алдымда. Әкем болса, қайтыс боларын сезіп жүрді. Үш күн бойы Көленбай ағаның үйінде жатып алды.

Кейін қайдан білдің деп сұрасақ, «түрмеде отырғанда 21 жылға алданыш берем деп аян берген» деп жауап қатқан еді. Иә, Дауаның тал бойында бір мін жоқ сұлу еді.

Бір айдан соң сіңлім қайтты. Он екіні жерге көмдік. Әкем мен шешемнің көрмегені жоқ. Сонда әкем: «Дөңгелеген дүние. Өмір сүру үшін шыдамдылық, қайсарлық, батылдық, адалдық, сабырлық керек» деп отыратын. Анам Серікбөбе Молдаханқызы да мықты адам болды, – дейді Сана апай күрсініп",- деп жазба қалдырған. 

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар