Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

172 студент "Болашақ" бағдарламасының стипендиянаттары атанды

172 студент "Болашақ" бағдарламасының стипендиянаттары атанды
Ашық дереккөзі
Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағытта білім алады.

2023 жылдың 3 ағынының Болашақ бағдарламасының стипендиаттарының иегерлер анықталды, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі. 

Елімізде Болашақ бағдарламасы бойынша білім алатын   172 студент анықталды. Тізімді Bolashaknews сайтында жариялады. Оның ішінде 8 адам докторантура да оқуға мүмкіндік алса, 26 адам әлемдік оқу орынындардан тағылымдамадан өтіп,  магистратурада оқуға 138 оқуға мүмкіндік  алды.

Стипендиаттардың басым көпшілігі жаратылыстану-техникалық бағыттар бойынша шетелде дайындалатынын айтылған.

"Мемлекет басшысының" Болашақ " бағдарламасын қайта бағдарлау жөніндегі тапсырмасы бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлауға баса назар аударылады. Оқуға түсушілерді қолдау үшін жаңа жеңілдікті санат - "инженерлік-техникалық қызметкерлер"енгізілді. Сондай - ақ, біздің бастамамыз бойынша медицина қызметкерлері үшін іріктеу ережелері жақсартылды", - деп атап өтті "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Болашақ бағдарламасының төртінші легіне қыркүйектің 15 дейін құжат тапсыра аласыздар.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар