Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырған

Ақмола облысында 12 адам сібір жарасын жұқтырған
КТК
Бүтін бір ауыл карантинге жабылды

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 12 адам ауруханаға жатқызылды. Аса қауіпті кесел тұрғындарға малдан жұққан. Сондықтан Жарқайың ауданындағы Үшқарасу ауылы карантинге жабылды, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Үшқарасу ауылынан Есіл ауданы ауруханасына жеткізілген 12 адамның денесіндегі жара мен басқа да белгілеріне қарап дәрігерлер бірден сібір жарасы болуы мүмкін деп күдіктенген. Бірден сараптама жасап тексергенде, бәрінен күйдіргі дерті табылыпты. Науқастардың арасында 16 жастағы жеткіншек те бар. Олардың жағдайы орташа ауыр деп отыр дәрігерлер. Мал дәрігерлері адам ауырғаннан кейін ғана қозғалыпты.

Ауылдағы «Үшқарасу» серіктестігінде осыдан екі апта бұрын 20 бас ірі-қара арам қатқан. Шаруашылық қожайыны бірден мал дәрігерлеріне хабар беріпті. Бірақ ветеринарлар аша тұяқтылар өрістегі гербицидтен уланды деген диагноз қойыпты. Сондықтан мал иесі ауру ірі қараның етін жұмысшыларына таратып беріп, бәрі қуырдақ жасап жеген екен.
 

"Малдан алынған анализ Астанадағы ветеринария ұлттық сараптама орталығына жіберіліп тексерілді. Сараптама малдың сібір жарасымен ауырғанын анықтады.Серіктестіктегі 600 бас қара мал көктемде сібір жарасына қарсы егілген. Қазір Үшқарасу ауылы карантинге жабылды. Дезинфекциялық, карантин шарасы жүргізіліп жатыр",-дейді Ақмола облысы етеринария басқармасының бөлім басшысы Жанат Оспанов.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар