Басты жаңалықтар
Жол апатында қаза болған адам кенеттен мәйітханада тіріліп кетті
- автор kyn.kz
- 4 шілде, 2018
- 261
Келіншек бірнеше сағат бойы тоңазытқышта жатқан
Жол апаты кезінде жан тапсырған африкалық келіншек, бірнеше сағаттан соң моргта оянып кетті деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Оңтүстік Африкада орын алған жан түршігерлік апаттан соң үш адам қайтыс болып, мәйітханаға жеткізілген. Басынан ауыр жарақат алған келіншекті дәрігерлер өлгендер қатарына қосып қойған.
Дегенмен бірнеше сағаттар соң, оның деп алып жатқанын байқаған. Дәрігерлер: "Біз ешқашанда тоңазытқышты ашып, ішінен тірі адамды кездестіреміз деп ойламаппыз. Ал еген онын денесін сойып тастаған болсақ ше?", - деп айтты.
Болған жағдайдан кейін келіншек ауруханаға ауыстырылды. Бас дәрігер әйелдің тірі қалғанына қатты қуанышты екенін жеткізді. Ол: "болған жайт ешбір дәрігердің түсіне де кіріп шықпайтын сұмдық оқиға", - деді.
Оның ойынша оқиғаға дәрігерлердің салақтығы кінәлі емес.