Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда беташарда доллар шашқандардың кім екені анықталды (видео)

Маңғыстауда беташарда доллар шашқандардың кім екені анықталды (видео)
ашық дереккөз
Марат: Ия доллар шашылды, біздер шамамыз келгенше көп ақша шашқанды жақсы көреміз
Ғаламтор желісінде үлкен талқыға түскен беташар тойының видеосы жайлы Ақтау қаласының тұрғыны KYN.KZ тілшісіне толық айтып берді. Марат Абайұлы сол тойда қонақ болған. Айтуынша ақшалай шашу  Маңғыстау өңірі үшін қалыпты жағдай. Тіпті кей азаматтар  еуро шашады екен. "Мен сол тойда болдым. Той Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Баянды ауылында болды. Той иелері қарапайым отбасы. Асаба келінге түскен жұртын таныстырған кезде жекжаттық аты аталғандар осылайша ақша шашады. Видеода доллар шашып тұрған азамат жаңа түскен келіннің қайын ағасы. Қолындағы бір долларлықтар. Әрі кетсе жүз доллар кеткен шығар. Батыста бұл қалыпты жағдай. Керісінше ақша шашылмаса, той қонақтарының әсіресе балалардың көңіл-күйі түседі. Ел арасында туыстары "сараң адамдар екен" деген сөз тарайды. Мен де сол үйленген жігіттің тумасы боламын. Қыз яғни келін де сол өңірдің тұрғыны. Сондықтан бұл тойдан ешқандай жаман әрекет байқамадық. Адамдар желіде түрлі пікірлерін жазып жатыр екен. Ақшадан бөлек әйелдер жағы кәмпит, құрт шашады. Әр адам шамасы келгенше шашу дайындап келеді. Өзіміз де бала күннен беташар десе сөмкемізді дайындап, таңнан бастап дайындалып, той болатын үйді торуылдап жүретінбіз. Бұл бізге сіңіп кеткен салт. Ауылдың қуанышы деп түсінеміз."-дейді  Марат Абайұлы.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін KYN.KZ сайтының хат түріндегі рұқсатын алу міндеттеледі. Сайтыңызға осы материалдың алғашқы сөйлемдерін жариялап, қалғанын Kyn.kz сайтынан оқыңыз деп сілтеу керек.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар