Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан Райм екеуінің махаббаттарына қатысты комментарияларды оқып отырып жылап қалды

Ерке Есмахан Райм екеуінің махаббаттарына қатысты  комментарияларды оқып отырып жылап қалды
Инстаграм парақшасынан алынды
Жұлдызды жұптың жаңа әнін тыңдағандар олардың отбасы, жүктілігі, жас айырмашылықтарына қатысты көптеген пікірлер жазған

Әнші Ерке Есмахан жүктілігіне, отбасына, бейнебаянына жылы лебізін аямай лебіз білдірген оқырмандарына алғыс айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Ақтау қаласында өткен концертте жаңа әндерін бірге шырқаған жұлдызды жұп Райм мен Еркеге халық қызығып, бақыт тіледі.

"Ұйқымнан тұрып, Аллаға шүкіршілік айтып, көңілім босап отыр. Мүмкін, гормондардан да шығар. Себебі, сіздердің мыңдаған жылы тілегіңізді оқып, жүрегім қуанышқа толып кетті. Жүктілігіме, әнге, бейнебаянға, отбасымызға аямай лебіз білдіріп жатырсыздар. Сіздерге Алла разы болсын! Бар жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеніп қайтсын. Тіл-көзден аман болайық", - деді Ерке Есмахан. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар