Депутат Мақсат Толықбай: Министрлер біздің сұрақтарға өздері келіп, нақты жауап бермесе отставкаға кетулерін талап етеміз (видео)
- автор kyn.kz
- 2 қыркүйек, 2023
- 5.5k
Депутат Мақсат Толықбай бүкіл министрлерге қатаң талап қойды. Талап орындалмаған жағдайда Мәжілісте олардың отставкаға кет мәселесін көтереміз деп ескертті. Депутат министрлердің әр сұраққа тікелей араласып, нақты жауап беруге міндетті екендерін естеріне салды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Осында отырған Премьер-министрдің орынбасары, барлық министрлерге айтарым, "бізді президент тікелей тағайындайды" деген түсініктен арылыңыздар. Сіздер комитеттің келісімі бойынша тағайындалып отырсыздар. Сондықтан осы кабинетте қандай жиын өтеді тікелей өздеріңіз қатысыңыздар. Сұрақтарға өздеріңіз жауап беріңіздер. Біздің алдымызда да есеп беретіндеріңізді ұмытпаңыздар. екіншіден мәжіліс депутаттары қандай сұрақ жолдайды, жаттанды жауаппен құтылуды доғару керек. Тікелей сонымен министр айналысуы керек. Ал, олай болмайды екен мен көптің көзінше айтайын, ертең сол министрдің отставкаға кету мәселесін Мәжілісте көтереміз",-деді депутат Мақсат Толықбай.