Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев: Балаларға деген зорлық-зомбылыққа жаза күшейтілсін

Тоқаев: Балаларға деген зорлық-зомбылыққа жаза күшейтілсін
Ашық дереккөзі
Президент: білім мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту керек

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа жазаның күшейтілуін тапсырды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап.

Ел президенті  кәмелет жасқа  толмағандарға зорлық-зомбылықтың  барлық түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етті. Балалар қолданатын жол, ғимараттан бастап, күнделікті тамақтанатын азық- түліктің қауіпсіз болуына мән беру керек екеніне айырықша тоқталды. 

Жас ұрпақтың психикалық саулығы өте маңызды екенін, білім мекемелерінде психологиялық қолдауды күшейту керектігін айтты. Сенім телефонын ұйымдастырып,  балаларға  кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын болуды тапсырды. 

"Сапалы орта білім алу-әрбір баланың мызғымас құқығы",-деді ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар