Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай Асылхан:өмірді осындай сәттер үшін ғана сүре бергің келеді (видео)

Абай Асылхан:өмірді осындай сәттер үшін ғана сүре бергің келеді  (видео)
Видеодан кадр
Өгей ұлына сыйлық сыйлаған Абай Асылхан оқырмандарын жылатты.

Әлеуметтік желіде Абай Асылхан "Осындай сәттер үшін өмір сүруге тұрарлық" деген видео жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Жарының ұлына сыйлық сатып алып берген Абай Асылханның инстаграмға жариялаған бұл видеосы көпшілікті жылатты.  Оқырмандары әке мен баланың махаббатына сүйсінді. 

"Өз баласының кеудесінен итеріп, қарай алмаған әкеге үлгі", "қазақтың әр жігітіне үлгі Абай", "мен мұнда оның қуанышын сезіндім", "Жанель күйеуден жолыңыз болыпты, бақытты болыңыздар", "Қандай жақсы әке, жылап қалдым" деп видеоның көрген көрермендер өз пікірін білдірді. 

Айта кетейік, бақытты жұп шілде айында ғана этно-стильде гендер пати жасаған. Жұлдызды жұптың күтіп жүрген сәбилері қыз екен. 


 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар