Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Күйеужігітінің найзағайдан қорыққанын көрген қыз оны тойдың ортасында тастап кетті

Күйеужігітінің найзағайдан қорыққанын көрген қыз оны тойдың ортасында тастап кетті
ашық дереккөз
Үндістандағы керемет үйлену той ақыры төбелеспен аяқталды
Үндістан тұрғыны болашақ жарының неке қию рәсімінде найзағайдан қорыққанын көріп, оған тұрмысқа шығудан бас тартты деп KYN.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды Елдің шығысындағы Бихар қалашығында орын алған оқиға неке қию рәсімі кезінде болған. Қалыңдық күйеужігітінің жақын маңдағы найзағайдан қорыққанын көріп, оның жары болуға келісімін бермеді. Күйеужігіттің туысқандары наразылықтарын білдірді, бірақ оларға бойжеткеннің құрбылары қарсы шығып, той төбелеспен аяқталды. Нәтижесінде қалыңдықтың үш туысқаны тұтқынға алынды. Осыдан біраз уақыт бұрын Үндістанда үйлену үшін қаланың шетінде орналасқан ауылға кеткен еркек туралы айтқан болатынбыз. Қалыңдығы оның басында шаш жоқ болғандықтан бас тартқан болатын, дегенмен осы ауылдан қыз алмай кетпеймін деген бірбеткей жігіт ақыры кедей саудагердің қызына үйленді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар