Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ": Қызметінен кеткен Павлодар әкімі ағынан жарылды

"Жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ": Қызметінен кеткен Павлодар әкімі ағынан жарылды
Ашық дереккөзі
Ержан Иманзаипов жұмыстан кету себебін айтып, халықпен қоштасты

4 қыркүйекте Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзаипов қызметінен босатылған болатын. Қызметінен кеткен әкім Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары! Мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың шешімін келісіммен қабылдадым, өйткені соңғы оқиғаларға байланысты өз жұмысымды одан әрі жалғастыруға моральдық құқығым жоқ деп есептеймін. Мен аймақ басшысына сенім білдіргені үшін алғыс айтқым келеді, сонымен бірге барлық тұрғындардан әріптестерім үшін кешірім сұраймын", деп жазды ол.

Сондай-ақ ол өзінің өмірлік ұстанымдарымның бірі жұмыста әділ және еңбекқор болу екенін баса атап өткен.

"Өкінішке орай, қысқа мерзімде жоспарлаған жобаларымызды соңына дейін жеткізе алмадым. Қызмет барысында қолдау берген әріптестеріме үлкен рахмет. Тек қана өздеріңізге сеніңіздер!", делінген жазбада.

 

Айта кетсек, Павлодар қаласы басшысының міндетін әкімнің орынбасары Қадиша Беготаева уақытша атқаратын болды.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар