Ол бұған дейін Ішкі істер министрі қызметінде болды
Президент жарлығымен Ақмола облысының жаңа әкімі болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Ақмола облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақмола облысын 2019 жылдан бері басқарып келген Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалған еді. Ал Марат Ахметжанов 2 қыркүйекте еліміздің Ішкі істер министрі қызметінен босатылған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Айдос Үкібай: Назарбаев қазір қарапайым зейнеткер, саясатпен айналыспайды
- авторkyn.kz
- 9 маусым, 2026
Саясат
Дәдебай: Әділдік идеясы қоғамда барған сайын кең қолдау тауып келеді
- авторkyn.kz
- 8 маусым, 2026




