Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"15 жасынан бастап саяхаттай бастаған": Таиландта қаза тапқан Қазақстан азаматы жайлы тың деректер айтылды

"15 жасынан бастап саяхаттай бастаған": Таиландта қаза тапқан Қазақстан азаматы жайлы тың деректер айтылды
thephuketnews.com
Марқұмның денесі жақын арада Қазақстанға жеткізіледі

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландта қаза тапқан Қазақстан азаматы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айбек Смадияровтың айтуынша, 1 қыркүйекте Қазақстанның Таиландтағы елшілігіне Пхукет аралында Қазақстан азаматының жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен.

"Консул жергілікті билік өкілдерімен және полицейлермен байланысқа шықты. Екі күн бойы іздестіру жұмыстары жүргізілді. 3 қыркүйекте оның денесі судан жағаға шығарылды, бүгін марқұмның ата-анасы ұлы екенін таныды. Марқұмды жақын арада Қазақстанға жеткіземіз", – дейді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, қазір құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ СІМ өкілі марқұм болған жас жігіт 15 жасынан бастап саяхаттап, блог жүргізген."

Бұл жігіттің Таиландта жүргеніне бірнеше ай болған. Ол 15 жасынан бастап саяхаттай бастаған. Әлеуметтік желіде де өте белсенді болған. Оның YouTube-та жеке блогы бар. ІТ маманы болған секілді. Осындай жағдай болғаны өкінішті. Әке-шешесіне барлық көмекті көрсетеміз", - дейді Айбек Смадияров. 

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ Таиландта Қазақстан азаматы болуы мүмкін жас жігіттің денесі судан табылғанын хабарлаған болатын

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар