Әлем чемпионатының жүлдегерінің еміне көмек керек
- автор Akarman K
- 5 қыркүйек, 2023
- 1.7k
Әлем чемпионатының жүлдегерінің Елена Кольцованың еміне көмек керек, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK арнасы.
Бокстан ерекше көзге түсіп, әлем чемпионатында жүлдеге ие болған Елена Кольцова қазір өмірі үшін күресіп жатыр. Денесін қимылдатып, мүлде сөйлей алмай қалған спортшының жағдайы қиын. Күйеуінің айтуынша Өзбекстанда емдеуге болады.
"Өкінішке қарай, диагноз бір орында тұрмай, асқынып барады. Еленаның өмрін жеңілдету үшін оны оңалту керек. Әр үш ай сайын. Ташкентте клиника бар. Тура сол клиникада Еленаның диагнозына көмектесе алады. Жағдайымыз жоқ, ол жаққа баруға. Сондықтан біз көмек сұрауға мәжбүрміз",- дейді спортшының күйеуі.
Боксышының бұл жағдайына спорттың қатысы жоқ екен. Бұл ауыру кейіннен барып пайда болған. Екі балалы анаға өмір сыйлау үшін оның отбасы жомарт жандардан көмек сұрайды. Емге қажетті сумма 4.5 млн тенге.
Айта кетейік, Елена Кольцова әйелдер арасындағы бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы.