Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Республикамыздың батысында бұршақ жауады: 6 қыркүйектің ауа райы болжамы жарияланды

Республикамыздың батысында бұршақ жауады: 6 қыркүйектің ауа райы болжамы жарияланды
Иллюстрация/tengri news
Еліміздің батыс, солтүстігінде күн күркіреп, жауын-шашын күтілуде.

"Қазгидромет" РМК синоптитері 6  қыркүйектің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Мамандардың хабарлауынша, елімізде желдің күшеюі орын алып, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, батыста бұршақ жауады.Еліміздің батыс, солтүстігінде күн күркіреп, жауын-шашын күтілуде. 

Күні бойы кейбір қалаларда  ыстық күтіледі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында және оңтүстігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының батыс және оңтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар