1xadv

Раим қарсы: Ерке Есмахан сәбиіне гендер-пати жасамайтын айтты

Жұлдызды жұп болашақ сәбиінің жынысын өздері біледі

инстаграм парақшасынан

Жақында жүкті екенін хабарлаған Ерке Есмаханнан оқырмандары гендер-патиді қашан өткізетінін сұрады. Әнші баланың жынысын жария етуге жұбайы Раимның қарсы екенін айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Бұл жайлы Ерке Есмахан Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап беру барысында айтты.

"Гендер-пати қашан?", - деп сұрады әншінің оқырманы.

Ал Ерке Есмахан гендер-пати өткізуді жұбайының құптамай отырғанын жеткізді.

"Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлде де айтып көремін. Бірақ болмайды-ау сол", - деп жауап берген Ерке Есмахан.

Айта кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан баланың жынысын өздері білетінін жеткізген болатын.

Loading...