Аралтөбеде араққа тойып алып ұрыс іздеген адам мылтықпен үш ауылдасын жарақаттады
- автор Akarman K
- 7 қыркүйек, 2023
- 3.8k
Батыс Қазақстан облысында ішіп алған ауыл тұрғыны мылтығымен үш адамды жаралаған деп хабарлайды, KYN.KZ тілшісі KTK арнасына сілтеме жасап.
Аралтөбе ауылында ішіп шу шығарған аңшы ұсталды. Араққа тойып алған 48 жастағы азамат жанжалдасып, арқыры төбелес шығарады.
"Күдікті өзінің Lexus маркілі автокөлігінен әйелінің атына тіркелген аңшы мылтығын алып, бірнеше рет қарсыласына қарай оқ атқан. Ауыл тұрғыны сол жақ жаңбасынан және аяғынан жарақат алған. Жергілікті 59 жастағы ауыл тұрғыны мен оның бүлдіршін немересі де жарақат алған",- БҚО ПД бастығы Арман Оразалиев.
Жапа шеккендердің бірі 2 жаста. Кішкентай баланың қасында жүрген әжесі де жарақаттанды. Бытыра аяқтарына тиген, қазір ауруханада.
"Үшінші науқас 89 жылғы ер адам стационарлық көмектен бас тартып, қазір амбулаторлық ем алуда. Ол да сол денесіне, басына жарақат алған, емделіп жатыр. Үшеуінің де жағдайы қалыпты",-дейді БҚО денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызмет ұйымдастыру бөлімінің басшысы
Оқиға орнынан ізін суытып үлгерген кінәліні, тәртіп сақшылары түні бойы іздеп, тапқан. Қазіргі таңда адам өлтіруге оқталу бабымен іс қозғалуда.
"Полиция департаментімен жеделіздестіру шараларын жүргізу қолға алынды, «тосқауыл» жедел жоспары енгізілді және өңірдің барлық жеке құрамына бағдар берілді.Нәтижесінде күдікті ұсталып, ол Сырым ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды",-дейді Арман Оразалиев.